©Vesti.kz, Тұрар Қазанғапов
Бұл туралы Premier Boxing Champions (PBC) сайты ресми түрде хабарлады. Жаңалықты Жәнібек Әлімханұлының өзі де парақшасында жариялады.
PBC Жәнібек Әлімханұлы мен Эрсленди Лара айқасын бокс кешенің маңызды жекпе-жегіне балап отыр.
Сондай-ақ, бокс кешінде О'Шаки Фостер Стивена Фултонға қарсы қолғап түйістіреді. Ал Иисус Рамос Шейна Мослимен орта салмақтағы WBC-дің аралық белбеуін иемденуге ұмтылып көреді.
Жекпе-жектер АҚШ-тың Техас штаты, Сан-Антонио қаласында орналасқан Frost Bank Center аренасында өтеді.
Бұған дейін Жәнібек Әлімханұлы 6 желтоқсан күнгі жекпе-жегін меңзеп, дайындыққа қарқынды кіріскенін хабарлаған болатын.
Айта кетейік, Жәнібек Әлімханұлы кейінгі кездесуін Астанада ұйымдастырып, Франциядан келген үміткер Анауэль Нгамиссингені 5 раундта техникалық нокаутпен тізе бүктірген еді.