• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Спорт 09 Желтоқсан, 2025

Чемпиондар лигасы: «Қайрат» елордада «Олимпиакосқа» есе жіберді

10 рет
көрсетілді

Футболдан UEFA Чемпиондар лигасы негізгі кезеңінің алтыншы турында алматылық «Қайрат» елордада Грекияның «Олимпиакос» (Пирей) командасымен кездесті, деп жазады Egemen.kz.

Бірінші кезеңде басымдық негізінен грекиялық футболшылар қолында болды. Олар жиі шабуыл ұйымдастырып, гол соғатын мүмкіндік іздеді. Оған алматылық клуб ойыншылары лайықты тойтарыс берді. Ұрымтал сәттерде өздері алға ұмтылды. Дегенмен діттеген мақсатына жете алған жоқ.

Екінші кезеңде екі команда толассыз шабуылға иек артты. Ойынның 73-минутында грекиялық клубтан Желсон Мартинш соққан гол «Олимпиакосқа» жеңіс алып келді.

Осылайша «Қайрат» қарсыласына 0:1 есебімен есе жіберді.

Соңғы жаңалықтар