Атырау облысында ауа райының күрт нашарлауына байланысты жүк және қоғамдық көліктердің қозғалысына уақытша шектеу енгізілді, деп жазады Egemen.kz.
Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметіне қарағанда, Атырау қаласынан Орал, Ақтөбе және Ақтау бағытына қатынайтын жол учаскелері жабық тұр.
«Жол учаскелеріндегі шектеу шектеу боран, қатты жел және жолдың көктайғақтығы салдарынан көлік қозғалысы үшін қауіпті жағдайдың туындауына байланысты қабылданды. Осыған орай жүргізушілерге алыс сапарға шықпауға, жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға, ауа райы жақсарғанға дейін уақытша шектеуге түсіністікпен қарауды сұраймыз», деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.