Қайғылы жағдай Маяковский атындағы театрда актер Анатолий Лобоцкиймен қоштасу рәсімі кезінде болған. Салтанатты іс-шарада әртістің денсаулығы күрт нашарлап, жедел жәрдеммен ауруханаға жеткізілген.
Вера Алентованың кинодағы жолы 1965 жылы «Дни летные» фильмінен басталған. Ол мансабында 30-дан астам туындыға түсіп, әсіресе Владимир Меньшовтың «Мәскеу көз жасыңа сенбейді» фильміндегі Катерина рөлімен әлемдік деңгейде танылды. Ол соңғы рет 2022 жылы шыққан «Ампир V» фильміндегі Иштар Борисовна рөлін сомдаған еді.