• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Жұмысшы мамандықтар жылы 30 Желтоқсан, 2025

Өнеркәсіп пен құрылыс саласындағы 500-ге жуық қызметкерге жоғары марапаттар табысталды

60 рет
көрсетілді

Президент Жарлығымен жарияланған Жұмысшы мамандықтары жылы кәсіптік білім беру саласын реформалаумен және қарапайым еңбек адамдарын дәріптеумен есте қалды. Жұмысшы мамандықтары жылы аясында атқарылған істерді Президенттің көмекшісі – Баспасөз хатшысы Руслан Желдібай телеграм арнасында қорытындылады, деп жазады Egemen.kz.

Мемлекет басшысы жыл бойы өндірісте және әлеуметтік салада еңбек ететін қызметкерлерді Ақордада қарсы алып, ерекше құрмет көрсетті.

Республика күні қарсаңында өнеркәсіп және құрылыс саласында жұмыс істеп жүрген 500-ге жуық азаматқа жоғары марапат табысталды. Олардың 138-і – еңбек династиясының өкілдері.

Сонымен қатар 130-дан астам педагог пен ғалым, 100-ден аса медицина қызметкері мемлекеттік наградаға ие болды.

Кәсіби мерекелеріне орай көлік, энергетика, мұнай-газ, ауыл және су шаруашылығы, жедел қызметтер, білім, ғылым, мәдениет, журналистика саласының өкілдеріне ерекше сый көрсетілді.

 Биыл еліміздің цифрлық экожүйесін қалыптастыру аясында қыруар шаруа атқарылды.

Сондай-ақ 2025 жылы ел экономикасындағы өсім соңғы он жылдағы ең жоғары көрсеткішке жетті.

Соңғы жаңалықтар