Бірінші ауысымдағы оқушылар мен студенттер де қашықтан оқиды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Астана қаласының білім басқармасы хабарлағандай, 2026 жылдың 16 қаңтар күні ауа райының қолайсыздығына байланысты елордалық мектептердің бірінші ауысымындағы 0-11 сынып оқушылары және студенттер де қашықтан оқу форматына көшеді.
– 2026 жылғы 16 қаңтар күні ауа райының қолайсыздығына байланысты бірінші ауысымның 0-11 (12)сынып оқушылары және колледждердің 1-2 курстың студенттері (9 сынып базасында) қашықтан оқыту форматына ауыстырылады, – деп жазды басқарманың сайты.
14 қаңтар күні де оқушылар онлайн оқыды