• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Елорда 02 Ақпан, 2026

Енді қызылшаға қарсы вакцина міндетті: Астана ауруханаларына бала қабылдау ережесі өзгерді

50 рет
көрсетілді

Астанада балаларды жоспарлы түрде ауруханаға жатқызу ережелері өзгертілді. Енді балалар стационарларға қызылшаға қарсы вакцинасы бар жағдайда ғана қабылданады. Тиісті қаулыға елорданың Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері қол қойды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бұл шешім қалада қызылша ауруының күрт өсуіне байланысты қабылданды. Соңғы үш аптада 403 расталған жағдай тіркеліп, көрсеткіш 100 мың тұрғынға шаққанда 25,5-ке жеткен. Ауру көрсеткіші бір апта ішінде 2,8 есе артқан. Науқастардың 96%-ы – 14 жасқа дейінгі балалар.

Ауру жұқтырған балалардың 95%-ы вакцина алмаған. Олардың басым бөлігі ата-анасының екпеден бас тартуымен байланысты.

66 кадет қызылша жұқтырды: Көкшетаудағы әскери колледжде карантин енгізілді

Қаулыға сәйкес, 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдердің вакцинация мәртебесі қайта тексеріліп, ата-анасының келісімімен екпе жүргізіледі. Сондай-ақ 55 жасқа дейінгі медицина қызметкерлері де тексеруден өтеді. Ал 6-10 айлық сәбилерге қосымша вакцинация қарастырылған.

Сонымен қатар білім беру ұйымдарында таңертеңгі медициналық сүзгі жүргізу, науқастарды оқшаулау, екпесіз балаларды қабылдауды уақытша тоқтату және жаппай іс-шараларға тыйым салу тапсырылды.

Алматыда қызылша ауруына шалдығу көрсеткіші өсті

Соңғы жаңалықтар