• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Спорт 03 Ақпан, 2026

Ақтөбеде сурдофутзалдан Қазақстан чемпионаты өтті

20 рет
көрсетілді

Ақтөбе қаласында жақында пайдалануға берілген «Қуат» спорт кешенінде есту қабілеті зақымданған спортшылар арасында сурдофутзалдан ел чемпионаты өтті. Сайысқа еліміздің 15 өңірінен келген 200-ге жуық спортшы қатысты. Бір аптаға жуық созылған командалық кездесулерде Қарағанды облысының сурдо футболшылары чемпион атанса, Жетісу мен Қостанай облысының спортшылары күміс және қола медальдар иеленді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Чемпионатта турнирдің үздік ойыншысының есімі де белгілі болды. Жүзден жүйрік шыққан талантты өрендердің арасынан  жетісулық спортшы Шыңғысбек Руслан үздік ойыншы атанса, түркістандық Анарбай Айдос үздік мерген деп танылды.

Футзалдан Қазақстан құрамасына жаңа бас бапкер келді

Жүлделі орындарды иеленгендер еліміздің Ұлттық құрамасы қатарында көктемде Бішкек қаласында өтетін Азия чемпионатының іріктеу кезеңіне қатыспақшы.

Футзалдан Қазақстан кубогінің иегері анықталды

Соңғы жаңалықтар