• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Алматы Бүгін, 07:45

Сирек аңдармен толықты

10 рет
көрсетілді

Еліміздегі ең үлкен хайуанаттар бағы үшін өткен жыл табыс­ты болды. Былтыр зообақта 31 жануардан 87 төл алынған. Сондай-ақ зообақ коллекциясы бизон, тамандуа, цивета, генета, агама сияқты сирек кездесетін жануарлармен толығып отыр.

Алматы хайуанаттар бағы – Қазақстандағы ең көне және беделді зообақтардың бірі. Аума­ғы 21 гектарды қам­титын демалыс орнын 385 түрге жататын 4 мыңнан астам жануар, құс және бауыры­мен жорғалаушы мекендейді. Олардың 76 түрі Халықаралық таби­ғатты қорғау ода­ғының қа­уіп­­­­­сіздік тізіміне, ал 24 түрі Қазақ­­­станның Қызыл кітабына енгізілген.

«Өткен жылы зоо­баққа ке­лушілер саны 1,2 миллион адамға жетті. Бұл біздің зообақ­тың елдегі және аймақтағы танымалдығын айқын көрсетеді. Жыл сайын келушілер санының артуы – біздің жұмысымыздың және табиғатты қорғау миссиямыздың көрінісі», дейді Алматы қалалық Мәдениет бас­қармасының басшысы Данияр Әлиев.

Былтыр Алматы хайуанаттар бағы Еуропалық зообақтар мен аквариумдар қауымдастығының толыққанды мүшесі атанған. Бұл мәртебе зообақтың ха­лықаралық стандарттарға сай екенін, жануарларды қорғау және ғылыми зерттеулерде жаңа мүмкіндіктерге қол жеткізетінін растайды.

 Данияр Әлиевтің айтуынша, бақ биыл ауқымды реконструкциядан өтеді. Жобаның мақсаты – келушілерге жайлы ауан сыйлау һәм демалыс орнын та­нымдық тұрғыдан жаңа деңгейге көтеру. Жоба ойдағыдай аяқталар болса, зообаққа жылына 2 миллион адам келеді деп жоспарланған.

Шетелдік турис­тер Алматы хайуанаттар бағын – жануарлар әлеміне жетелейтін та­ным­дық алаң ғана емес, балалар мен ересектерге білім мен әсер сыйлайтын ерекше орын деп бағалаған. Жаңа кезеңде зообақ Алматының ғана емес, бүкіл Орталық Азияның ең ірі заманау­и орталығына айналмақ.

 

АЛМАТЫ 

Соңғы жаңалықтар