• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Ауа райы 05 Ақпан, 2026

Аяз, боран, көктайғақ: Еліміздің 16 өңірінде ескерту жарияланды

20 рет
көрсетілді

2026 жылғы 6 қаңтарда Қазақстанның 16 облысында дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Egemen.kz «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Түркістан облысында оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 15-20 метр, облыстың солтүстігінде және таулы аудандарында секундына 23-28 метрге дейін күшейеді. Таулы асуларда жел екпіні секундына 30 метр және одан да жоғары болуы мүмкін.

Қызылорда облысында түнде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі, күндіз облыстың орталығында, солтүстігінде және оңтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады. Аталған өңірлерде көктайғақ, тұман, түнде боран болжанады. Жел оңтүстік-батыстан, батыстан соғады, түнде жел екпіні секундына 15-20 метрге дейін жетеді. Қызылорда қаласында кей уақытта жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, тұман, түнде боран күтіледі. Жел екпіні секундына 15-20 метрге дейін жетеді.

Қарағанды облысында түнде жауын-шашын (жаңбыр, қар), боран, көктайғақ болады, облыстың батысында кей уақытта қатты жауын-шашын күтіледі. Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде және шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), боран, көктайғақ болады. Оңтүстігінде тұман түседі. Жел оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соғып, түнде және күндіз екпіні секундына 15-20 метр, батысы мен шығысында 23-28 метрге дейін жетеді. Қарағанды қаласында жауын-шашын, жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі.

Ұлытау облысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), боран, көктайғақ болады, түнде облыстың батысы мен солтүстігінде қатты жауын-шашын күтіледі. Солтүстігі мен орталығында тұман түседі. Жел оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысып, секундына 15-20 метр, оңтүстігі мен шығысында 23-28 метрге дейін күшейеді. Жезқазған қаласында кей уақытта жауын-шашын, жаяу бұрқасын, көктайғақ болады.

Маңғыстау облысының оңтүстігінде, солтүстігінде және орталығында көктайғақ пен тұман күтіледі. Түнде облыстың солтүстік-шығысында 20 градусқа дейін қатты аяз болжанады.

Қостанай облысының шығысында және оңтүстігінде қар, боран, түнде оңтүстігінде қатты қар жауады. Облыстың батысында, солтүстігінде және шығысында тұман түседі. Жел солтүстік-батыстан соғып, екпіні 15-20 метр. Қостанай қаласында тұман күтіледі.

Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде және шығысында тұман болжанады.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар), боран, көктайғақ болады. Түнде және таңертең облыстың солтүстігі мен оңтүстігінде тұман түседі. Жел оңтүстік-шығыстан соғып, екпіні секундына 15-20 метр, күндіз 23-28 метнге дейін жетеді. Өскемен қаласында күннің екінші жартысында жауын-шашын, көктайғақ күтіледі.

Абай облысының батысында түнде қар, боран, ал күндіз батысында, солтүстігінде және орталығында жауын-шашын (жаңбыр, қар), боран, көктайғақ болады. Түнде және таңертең оңтүстігі мен шығысында тұман түседі. Семей қаласында күндіз жауын-шашын, боран, көктайғақ күтіледі.

Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде және шығысында қар, боран, көктайғақ, тұман болады. Жел солтүстік-батыстан соғып, екпіні секундына 15-20 метрге дейін жетеді.

Түркістан облысының оңтүстігінде және таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Көктайғақ, жаяу бұрқасын болады. Облыстың батысында, солтүстігінде және таулы аймақтарында тұман түседі. Шымкент қаласында кей уақытта қатты жауын-шашын, тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын болжанады.

Павлодар облысында жауын-шашын (қар, жаңбыр), күндіз облыстың батысы мен солтүстігінде қатты жауын-шашын күтіледі. Боран, көктайғақ болады, кей өңірлерде тұман түседі. Павлодар қаласында да жауын-шашын, боран, көктайғақ болжанады.

Ақмола облысында қар, боран, көктайғақ, ал оңтүстігі мен шығысында кей уақытта қатты жауын-шашын күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысып, екпіні секундына 15-20 метр. Көкшетау қаласында түнде және таңертең көктайғақ болады.

Ақтөбе облысының шығысында түнде жаяу бұрқасын күтіледі. Жел солтүстік-батыстан соғып, екпіні секундына 15-18 метр.

Жамбыл облысында түнде батысы мен солтүстігінде, күндіз оңтүстігі мен таулы аудандарында жауын-шашын (жаңбыр, қар), жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Тараз қаласында күндіз көктайғақ болжанады.

Жетісу облысындағы Алакөл көлдері ауданында шығыстан соғатын желдің екпіні кей уақытта секундына 30 метр және одан да жоғары болады, қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында және таулы аудандарында көктайғақ болады.

Соңғы жаңалықтар