Бүгін Президент Үкіметтің кеңейтілген отырысындағы қорытынды сөзінде жаңа экономикалық үлгіге көшу барысында көлік логистикасын дамытуға жете мән беру қажеттігін атап өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, Қазақстанның Еуразия құрлығындағы бірегей орнын тиімді пайдаланбасақ, бұл халқымыз кешірмейтін стратегиялық олқылық болуы мүмкін. Сондықтан бұл міндеттің мән-мағынасы ерекше.
«Көлік-тасымал саласы өнеркәсіп және инвестиция саясатымен бірге біртұтас жүйе ретінде қаралуы керек. Осы кезге дейін инфрақұрылымдық рөлі басым болған транзит саласы енді экономикалық сипатқа ие болады. Жаһандық бәсеке күшейіп тұрған қазіргі заманда бұл – өте маңызды қадам», деді Мемлекет басшысы.
Тоқаев кәсіпкерлерді жоспардан тыс тексеруді доғаруды тапсырды
Президент теміржол саласына тоқталып өтті.
«Қазір еліміздегі тауардың 60%-ы теміржолмен тасымалданады. Сондықтан теміржол желілерін барынша дамыту – айрықша маңызды міндет. Бүгінде бірқатар ірі инфрақұрылым жобасының құрылысы аяқталды. Теміржол арқылы жүк тасымалдау мүмкіндігі едәуір жақсарып, теміржолдың жалпы жағдайы тұрақталды. Десек те, еліміздің теміржол транзиті саласындағы әлеуетін толығымен пайдалануымыз қажет», деді Мемлекет басшысы.
Мемлекет басшысы Үкіметке елдегі мұнай өңдеу зауыттарын жедел жаңғыртуды тапсырды
Президенттің сөзінше, бұл маңызды мәселе бойынша анық, айқын стратегия әлі жоқ. Тозығы жеткен теміржол инфрақұрылымы әлі де көп. Кейбір жерлердегі ахуал тіпті күрделі деуге болады.
«Биыл «Мойынты – Қызылжар», «Дарбаза – Мақтаарал» бағытындағы жаңа теміржол желілерін іске қосу керек. Сондай-ақ «Алтынкөл – Жетіген» және «Бейнеу – Маңғыстау» теміржолын жаңғырту жұмыстарын аяқтау қажет. «Бақты – Аягөз» желісін уақтылы пайдалануға беру керек. Аталған мәселелер туралы жиі айтатын болдық, енді нақты нәтижеге куә болайық. Жұмыстың қарқынын бәсеңдетуге болмайды», деді Мемлекет басшысы.
Тоқаев: Шаруаларды мемлекеттік қолдау жүйесі барынша ашық болуы керек