Астана әуежайында жоспарланған 72 рейстің 10-ы кешігіп жатыр. Сондай-ақ 74 ұшып келу рейсінің 8-і уақытынан кеш орындалған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әуежай өкілдерінің мәліметінше, кідірістер қолайсыз ауа райына байланысты болып отыр. Соның салдарынан әуе кемелерін арнайы сұйықтықпен өңдеу (деайсинг) жұмыстарын жүргізу мүмкін болмай отыр.
«Ұшу-қону жолағын, перронды және рулеж жолдарын тазалау жұмыстары тұрақты түрде жалғасады. Әуежайдың барлық қызметі күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр», делінген хабарламада.
«Жарылғыш зат бар»: Атырау әуежайында жолаушылар эвакуацияланды