• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Спорт Кеше

Азия чемпионаты: Ел құрамасы нысана көздеуден тағы екі алтын медаль жеңіп алды

10 рет
көрсетілді

Қазақстан құрамасы нысана көздеуден Үндістанның Нью-Дели қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында тағы екі алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Egemen.kz. 

София Шульженко әйелдер арасында өткен жекелей сайыста 50 метрге үш қалыпта ату бағдарламасында топ жарды.

Үндістандық Дахия Аакрити жарыста екінші орын алса, оның отандасы Моудгил Анджум жеңіс тұғырының үшінші сатысына көтерілді.

Сонымен қатар әйелдер құрамасы дәл осы бағдарлама бойынша командалық сайысқа қатысты. Нәтижесінде отандастарымыз бірінші орынды иеленді. Үндістан құрамасы екінші орын алса, Жапония үздік үштікті түйіндеді.

Қазақстандық могулшылар Олимпиаданың финалына шығу үшін екінші іріктеу кезеңінде бақ сынайды

Соңғы жаңалықтар