Бүгін елордада қолайсыз ауа райына байланысты екінші ауысымдағы мектеп оқушылары да онлайн оқиды. Бұл туралы Астана қалалық білім басқармасы хабарлап отыр, деп жазады Egemen.kz.
«2026 жылғы 11 ақпан күні ауа райының қолайсыздығына (желдің күшеюі, көктайғақ және ауа температурасының одан әрі төмендеуі) байланысты екінші ауысымның 0-6 сынып оқушылары қашықтан оқыту форматына ауыстырылады», делінген басқарма таратқан хабарламада.
Астана халықаралық әуежайында рейстер кешігіп жатыр
Бұған дейін бірінші ауысым оқушылары онлайн оқитынын хабарлағанбыз.
Астанада 7-сынып оқушысы буллингті анықтайтын жүйе ұсынды