• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Қоғам Бүгін, 14:13

Замира Кузиева: Ата заң азаматтар үшін тұрақтылықты қамтамасыз етеді

10 рет
көрсетілді

Елордадағы кәсіпорындардың бірінде жаңа Конституция жобасын түсіндіруге арналған кездесу өтті. Жиында құжаттың негізгі бағыттары сараланып, еңбек ұжымы референдумға белсенді қатысуға шақырылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Астана қаласында Қоғамдық кеңес және Конституциялық комиссия мүшесі Замира Кузиева «Бірыңғай шоғырландыру орталығы» ЖШС еңбек ұжымымен жүздесті. Кездесудің басты мақсаты – Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы жобасының мазмұнын түсіндіру және оның маңызын талқылау.

Жаңа Конституция: Сарапшылар қоғамдық тұрақтылық пен дамуға қолдау білдірді

Жиында мемлекеттілікті нығайту, адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау, заң үстемдігін орнықтыру және азаматтардың мемлекет ісін басқаруға қатысу мүмкіндігін кеңейтуге бағытталған нормалар сөз болды. Спикердің айтуынша, құжат ел дамуының ұзақ мерзімді бағдарын айқындайды.

«Мен үшін жаңа Конституция – ел дамуының алдағы жылдарға арналған бағытын айқындайтын маңызды бағдар», деді Замира Кузиева.

Ол жаһандық өзгерістер жағдайында құқықтық кеңістіктің тұрақтылығы мен болжамдылығы шешуші мәнге ие екенін атап өтті.

«Негізгі заң азаматтар мен бизнес үшін тұрақтылықты, түсінікті ережелерді және болжамдылықты қамтамасыз етуі өте маңызды», деді комиссия мүшесі.

Кездесу барысында әлеуметтік кепілдіктер мәселесіне де айрықша назар аударылды. Жаңа жоба еңбек ету, қызмет түрін еркін таңдау, демалу және әлеуметтік қорғалуға қатысты құқықтарды нақтылай түседі.

«Конституция әлеуметтік кепілдіктерді, еңбек ету, қызмет түрін еркін таңдау, демалу және әлеуметтік қорғалу құқықтарын күшейтеді», деді спикер.

Айдарбек Қожаназаров: Жаңа Конституция мемлекеттің дербес таңдауын және кемелдігін айғақтайды

Оның пікірінше, экономикалық даму мен әлеуметтік жауапкершілік арасындағы тепе-теңдік сақталмайынша, тұрақты өсімге қол жеткізу мүмкін емес.

«Экономикалық даму мен әлеуметтік жауапкершілік арасындағы бұл тепе-теңдіксіз тұрақты өсім мүмкін емес», деді ол.

Сарапшы жаңа құжатты мемлекет, бизнес және азаматтар арасындағы серіктестікті нығайтатын ортақ ережелер жиынтығы ретінде бағалады.

«Мен үшін жаңа Конституция – мемлекет, бизнес және азаматтар ортақ ережелер мен мақсаттарды түсініп, бір бағытта алға жылжитын серіктестікке жасалған қадам», деді Замира Кузиева.

Жиында Мемлекет басшысының жаңа Конституция жобасы бойынша республикалық референдум өткізу туралы Жарлыққа қол қойғаны да айтылды. Бұл әр азаматқа елдің негізгі құжатына қатысты өз таңдауын білдіруге мүмкіндік береді.

Кездесу соңында еңбек ұжымы референдумға белсенді қатысудың маңызын атап өтті. Сарапшы жиналғандарды елді жаңғырту, тұрақты даму және Қазақстанның болашағы үшін дауыс беруге шақырды.

Асхат Рахымжанов: Жаңа Конституция азаматтардың елдің саяси өміріне қатысу мүмкіндігін кеңейтеді

Соңғы жаңалықтар