• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту

Жұмыс орындары, технологиялар, инвестициялар: ТШО-ның жергілікті өндірісті дамытудағы рөлі

0 рет
көрсетілді

«Теңізшевройл» (ТШО) − Атырау облысында жұмыс істейтін жетекші мұнай-газ компаниясы, Қазақстандағы ең ірі салық төлеуші және ондаған жыл бойы өңір мен ел экономикасының қалыптасуына ықпал етіп келе жатқан ірі инвестор. Компания жергілікті бизнесті қолдау мен ынталандыруда маңызды рөл атқаруын жалғастырып, экономикалық өсімнің негізгі қозғаушы күштерінің бірі және Қазақстан мердігерлерімен тұрақты серіктестіктің айқын үлгісі ретінде танылып отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бұл шолу компанияны жүйелі түрде дамытуға бағытталған бастамаларды қамтиды.

Ел экономикасы үшін стратегиялық маңызы

Қазақстанды қамтуды дамыту экономика мен қоғам үшін іргелі мәнге ие.

Біріншіден, ол ұлттық өнеркәсіпті нығайтып, технологиялық тәуелсіздікті күшейтеді. Өндіріс пен қызметтерді жергілікті деңгейде дамыту импортқа тәуелділікті азайтып, өз құзыреттерімізді өсіруге және жеткізу-логистика тізбегін оңтайландыруға мүмкіндік береді.

Екіншіден, отандық жеткізушілерді қолдау жаңа жұмыс орындарының ашылуына, мамандардың біліктілігін арттыруға және шағын және орта бизнестің дамуына жол ашады. Бұл халықты жұмыспен қамту деңгейі мен табысына тікелей әсер етеді.

Үшіншіден, жергілікті қамтудың өсуі өңірлерге инвестиция тартуды күшейтіп, инфрақұрылымды жаңғыртуға және жергілікті жағдайға бейімделген технологияларды енгізуге серпін береді. Салық базасының кеңеюі бюджет кірістерін ұлғайтып, әлеуметтік бағдарламаларды қаржыландыруға мүмкіндік туғызады.

Сондай-ақ жергіліктендіру халықаралық компаниялар мен отандық кәсіпорындар арасында ұзақ мерзімді, тұрақты әріптестік орнатып, жаһандық стандарттар мен озық тәжірибеге қол жеткізуге жол ашады. Осылайша Қазақстанды қамтуды дамыту − тек экономикалық қажеттілік емес, елдің ұзақ мерзімді тұрақты даму стратегиясының маңызды бөлігі.

ТШО тәсілі: стратегиядан нақты нәтижеге дейін

Аталған қағидаттар ТШО қызметінің негізін құрайды және нақты нәтижелермен дәлелденіп отыр. Компания Қазақстанды қамтуды дамыту стратегиясын жүйелі түрде іске асырып, жергілікті ресурстарға инвестиция құяды әрі отандық кәсіпорындар үшін жаңа мүмкіндіктер қалыптастырады.

Бұл бір реттік қолдау емес, тұрақты экономиканы қалыптастыруға, өңірлерді дамытуға және Қазақстанның жаһандық нарықтағы бәсекеге қабілеттілігін арттыруға қосылған үлес.

Сандар сөйлейді

Соңғы үш онжылдықта ТШО жүз мыңдаған жұмыс орнын құрып, отандық тауарлар мен қызметтерді белсенді түрде сатып алу арқылы экономикалық белсенділікті тек Атырау облысында ғана емес, бүкіл ел аумағында да ынталандырды.

2025 жылдың қорытындысы бойынша компания Қазақстанның жеткізушілерінен шамамен 1,8 млрд АҚШ доллары көлемінде тауарлар мен қызметтер сатып алды. Ал 1993 жылы құрылған сәттен бастап отандық өндірушілерден сатып алу көлемі 52,3 млрд АҚШ долларына жетті.

Бұл қаражат халықаралық сапа стандарттарына сай келетін, Қазақстанда өндірілген және ұсынылған тауарларға, жұмыстар мен қызметтерге бағытталды. Мұндай тәсіл технологияларды жергіліктендіруге, өндірістік қуаттарды дамытуға және мамандардың біліктілігін арттыруға серпін береді.

2025 жылы ТШО отандық жеткізушілерден сатып алынатын өнім көлемін ұлғайту нәтижесінде Қазақстанды қамту үлесін 71%-ға жеткізді.

Ұзақ мерзімді серіктестік және өңірлерді дамыту

ТШО отандық компаниялар үшін мүмкіндіктерді кеңейтуді жалғастырып келеді. Тұрақты даму стратегиясы аясында компания өндірісті одан әрі жергіліктендіруге, инновациялық технологияларды енгізуге және мамандардың біліктілігін арттыруға басымдық береді.

Жергілікті бизнестің тұрақтылығы мен халықаралық деңгейдегі бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ететін ұзақ мерзімді әріптестіктер құруға ерекше мән беріледі.

Компания ұстанымы

«Халықаралық стандарттарды ескере отырып, отандық тауарлар мен қызметтер нарығын дамыту − ТШО-ның негізгі басымдықтарының бірі. Біз жергілікті қамтуды қолдап қана қоймай, отандық компаниялар үшін жаңа мүмкіндіктер ашатын тұрақты жүйе қалыптастыруға ұмтыламыз. Біздің бағдарламалар жеткізушілердің құзыреттерін кеңейтуге, заманауи технологияларды енгізуге және өнім сапасын арттыруға бағытталған. Қазақстан серіктестеріне инвестиция құю − бұл ел экономикасының өсіміне қосылған үлес әрі компания қажеттілігін жоғары деңгейде қамтамасыз етудің жолы», деп атап өтті ТШО бас директоры Уильям Лакоби.

Жүйелі жергіліктендіру: жоспарлаудан мониторингке дейін

ТШО өндірісті жергіліктендіруді ілгерілетудің кешенді жүйесін енгізді. Ол бүкіл циклді қамтиды: алдағы сатып алуларда Қазақстанды қамту үлесін жоспарлаудан бастап, жаңа жеткізушілердің жергіліктендіру жөніндегі міндеттемелеріне, персоналды оқытуға және отандық тауарларды сатып алу барысын тұрақты мониторингтеуге дейін қамтиды.

OEM жергіліктендіруі: құзыреттердің жаңа деңгейі

Жеке бағыттардың бірі − түпнұсқа жабдық өндірушілері (OEM) шығаратын өнімдерді жергіліктендіру. Бұл процесс ел аумағын қамтуды дамытудағы маңызды драйверге айналып, жергілікті жеткізушілерді оқытуға және олардың біліктілігін арттыруға қуатты серпін берді.

Халықаралық стандарттарды жергілікті тәжірибеге енгізу отандық компаниялардың кәсіби деңгейі мен техникалық құзыреттерін көтерді. Бұдан бөлек, OEM жергіліктендіруі Атырау облысында жаһандық компаниялардың филиалдарын ашуға ынталандырып, әлемдік тәжірибенің Қазақстан экономикасына тереңірек кірігуіне жол ашты.

Соңғы жылдары ТШО-ның стратегиялық серіктестері − Baker Hughes, Honeywell, Emerson, Erreesse Valves, WIKA, Cameron және басқа компаниялар − Қазақстанда өндірістік желілерін және жинақтау цехтарын іске қосып, мұнай-газ саласында тұрақты сұранысқа ие өнімдерді шығара бастады.

Мемлекеттік серіктестік және машина жасау саласы

2025 жылы ТШО Энергетика министрлігімен бірлесіп, ішкі құндылықты (внутристрановая ценность) дамыту стратегиясын әзірледі. Құжат жергілікті өндірушілерді қолдау тетіктерін жетілдіруді, тендерлерде бағаға қатысты икемділікті (price tolerance) қолдануды, сондай-ақ үш және одан да көп отандық өндіруші болған жағдайда сатып алуды тек отандық компаниялар арасында өткізуді көздейді.

Сонымен қатар ТШО Халықаралық мұнай-газ машина жасау орталығының (IMBC) жергілікті өндірушілерді біліктілік тұрғысынан бағалау және технологиялық олқылықтарды анықтау бағыты бойынша атқарып жатқан жұмысын қолдайды.

Осы жұмыстың нәтижесінде:

16 отандық өндірушіге біліктілік бағалауы жүргізілді; MRO қызметтері мен қорғаныс материалдарын жеткізу бойынша ұзақ мерзімді келісімшарттарға қол қойылды; Қазақстан машина жасаушыларының XII форумында жалпы сомасы 10,5 млн АҚШ долларынан асатын келісімдер жасалды; Ақтауда Теңіз кен орнының қауіпсіз әрі сенімді жұмысын қамтамасыз етуге арналған 150 млн АҚШ доллары көлеміндегі келісімшарттарға қол қойылды. Келісімшарттар − болашаққа инвестиция

«Келісімшарттарға қол қою − Теңіздегі қауіпсіз әрі сенімді жұмысты қамтамасыз етудегі кезекті қадам ғана емес. Бұл − ел аумағын қамтуды дамыту және еліміздің машина жасау саласын нығайту жөніндегі ұзақ мерзімді стратегиямыздың айқын дәлелі», деп атап өтті ТШО бас директоры Уильям Лакоби.

Қорытынды: бір реттік шешімдер емес − тұрақты жүйе

Ел аумағын қамтуды дамыту − уақытша тренд емес, стратегиялық басымдық. Өндірісті жергіліктендіру, халықаралық стандарттарды интеграциялау және отандық жеткізушілерді қолдау технологиялық прогресс пен бәсекеге қабілеттіліктің берік негізін қалыптастырады.

ТШО бұл бағытта көп миллиондық келісімшарттардан бастап жаңа өндірістік қуаттарды ашуға және инновацияларды енгізуге дейінгі тәсілді көрсетіп отыр. Бұл күш-жігер жаңа жұмыс орындарын құруға, машина жасау саласын дамытуға және елдің экономикалық тәуелсіздігін нығайтуға ықпал етеді.

Алдағы кезеңде ел аумағын қамтуды дамыту мықты әрі бәсекеге қабілетті экономиканы қалыптастырудың негізгі факторларының бірі болмақ. ТШО отандық компаниялармен әріптестікке инвестиция құюды жалғастырып, сенім мен инновацияға негізделген ортақ болашақты бірлесе құруға бағытталған жұмысты одан әрі жүргізеді.

Соңғы жаңалықтар