• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Оқиға Бүгін, 20:45

Түркістан облысының тұрғыны 13 млн теңгеге бүйрегін сатпақ болған

0 рет
көрсетілді

Түркістан облысының ауданаралық соты өз бүйрегін сатпақ болған ер адамға қатысты қылмыстық істі қарады, деп хабарлайды Egemen.kz. 

Тергеу мәліметінше, 2025 жылдың ақпан айында айыпталушы Telegram желісінде бүйрегін сату туралы хабарландыру жариялаған. Кейін ол жалған есімді сатып алушымен кездескен. Тараптар 13 миллион теңгеге мәміле жасауға келіскен.

Құқық қорғау органдары ер адамды 5 миллион теңгені қолма-қол алу кезінде ұстады.

Хабарламада айтылғандай, айыпталушыны бұл қадамға ауыр материалдық жағдайы мен қаржыға мұқтаждығы итермелеген. Сол себепті ол өз ағзасын сатуға барған.

Оған Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 116 және 24-баптары бойынша «Тірі адамның ағзаларын трансплантациялау немесе өзге де мақсатта заңсыз мәміле жасауға оқталу» айыбы тағылды. Сот отырысы барысында ер адам кінәсін толық мойындады.

Қылмыстың орташа ауырлықтағы санатқа жататынын және нақты зиян келтірілмегенін ескере отырып, амнистия туралы заңға сәйкес ол қылмыстық жауапкершіліктен босатылып, іс өндірісі тоқтатылды. Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Айта кетейік, Павлодарда шетел азаматы бүйрегін 50 мың долларға сатпақ болған. 

Соңғы жаңалықтар