• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Оқиға Бүгін, 13:20

Қостанайда терроризм актісі туралы жалған ақпарат берген жасөспірім жауапқа тартылды

0 рет
көрсетілді

Қостанай қаласындағы сауда орталықтарының бірінде терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлама берген кәмелетке толмаған құқық бұзушы қылмыстық жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Egemen.kz. 

Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында облыстық ПД экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жалған хабарлама берген кәмелетке толмаған құқық бұзушыны анықтап, қылмыстық жауапкершілікке тартты.

Ішкі істер министрлігің мәліметінше, істі қарау нәтижесінде Қостанай облысының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен құқық бұзушыға бір жыл мерзімге пробациялық бақылау белгілене отырып, бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды.

Павлодарда әскерден босатуға уәде беріп, миллиондарды жымқырған офицер жазаланды

Сот актісі заңды күшіне енген жоқ.

Полиция қызметкерлері терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлау – қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғатын іс-әрекет екенін еске салады.

Атырауда студентті жазалаған мұғалім жауапкершілікке тартылды

Соңғы жаңалықтар