Павлодарда «Jenimpaz» үстел теннисі орталығында өткен 2007 жылы туған және одан кіші спортшылар арасындағы Қазақстан чемпионаты өз мәресіне жетті. Биылғы додаға еліміздің түкпір-түкпірінен 260-тан астам жас спортшы қатысып, жоғары деңгейдегі ойын өрнегін көрсетті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Astana Team командасы Канададағы халықаралық турнирдің жеңімпазы атанды
Айта кетейік, Nomad Table Tennis Academy – Астанадағы жас спортшыларды халықаралық деңгейге дайындайтын заманауи академиялардың бірі. Мұнда әлемдік турнирде тәжірбиесі бар кәсіби жаттықтырушылардың жетекшілігімен жүйелі дайындық жүргізіліп, спортшылардың техникалық, тактикалық және психологиялық дамуына ерекше көңіл бөлінеді. Осы чемпионаттағы нәтижелер академия жұмысының тиімділігін тағы бір мәрте дәлелдеді.