Қарағанды облысы Шет ауданында жол қозғалысының шектетуіне байланысты жолаушылар блокпостта қалып қойды, деп жазады Egemen.kz.
Қарағанды облысының Шет ауданында республикалық маңызы бар автожол қозғалысының шектелуіне байланысты блокпостта жолаушылары бар автобус қозғалысы тоқтатылды.
Төтенше жағдайлар министрлігінің қызметкерлері жолаушылар автобусынан 45 адамды, оның ішінде 3 баланы эвакуациялап, оларды жақын маңдағы жылыту пункттеріне орналастырды. Медициналық көмекке мұқтаж болған жоқ.
Ведомство дауылды ескертулерді ескеруді және ауа райы нашарлаған жағдайда елді мекеннен тыс жерлерге шықпауды ұсынады.
Айта кетейік, Қарағанды облысында 800-ден астам көлік қар құрсауында қалып қойды.