Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстары және Абай облысында су тасқыны қаупі жоғары деп бағаланды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Орташа деңгейдегі қауіп Қостанай, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Павлодар, Түркістан, Алматы облыстары мен Жетісу және Ұлытау өңірлерінде тіркелген. Ал ең төмен қауіп Атырау, Маңғыстау, Қызылорда және Жамбыл облыстарында байқалады. Бұл болжамдарды «Қазгидромет» РМК жариялды.
Төтенше жағдайлар министрлігінде бұл болжамдар жұмысқа алынғанымен, елдегі су тасқынына қарсы дайындық шаралары жаз-күз кезеңінен бастап жүргізіліп келеді.
Министрліктің хабарлауынша, қорғау бөгеттерін нығайту, су өткізгіш құбырларды орнату және өзен арналарын тазалау жұмыстары толық көлемде жалғасып жатыр.
Су тасқынын жоюға арналған күштер мен құралдар топтамасы 39 мыңнан астам адам мен 12 мың бірліктен астам техникадан құралған.
Әуеден барлау: Шығыс Қазақстандағы су тасқыны қаупі бар аймақтар тексерілді
«800 км-ден астам қорғаныш бөгеттері салынды, 1000 км-ден астам дренаж жүйелері мен арықтар жөнделді, автомобиль жолдарына 900-ден астам су өткізгіш құрылыстар орнатылды. Өзен учаскелерінде шамамен 166 км арналарды тереңдету, 255 км жағалауды бекіту, 221 км түзету және 172 км өзен арналарын тазалау жұмыстары жүргізілді», деді Төтенше жағдайларды алдын алу комитетінің бас маманы Айжас Сабыржан.
Президент су тасқыны мен құрғақшылық қаупіне алдын ала дайындалуды тапсырды