Қазақстанның үздік теннисшісі, әлемнің 10-ракеткасы Александр Бублик Дубайда өтіп жатқан ATP 500 санатындағы турнирді сәтті бастады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Бірінші айналымда қазақстандық спортшы әлемдік рейтингте 80-орында тұрған германиялық Ян-Леннард Штруффпен кездесті. Ол жарысқа «lucky loser» мәртебесімен өткен. Матч 1 сағат 6 минутқа созылып, Бублик екі сеттегі жеңіске жетті – 6:3, 6:4.
Келесі кезеңде Бублик финляндиялық Отто Виртанен (ATP рейтингінде 131-орын) мен нидерландтық Таллон Грикспур (25-орын) арасындағы кездесудің жеңімпазымен ойнайды.
Төрт бірдей теннисшіміз әлемдік рейтингтің ТОП-10 тізіміне енді
Дубайдағы ATP 500 турнирінің жалпы жүлде қоры – 3 311 005 АҚШ доллары. Жарыс жеңімпазы 619 160 доллар сыйақы мен ATP рейтингінің 500 ұпайына ие болады.
Теннисші Александр Бублик баланың тұсауын кесті