Қасым-Жомарт Тоқаев шейх Мишааль әл-Ахмад әл-Джабер ас-Сабах пен оның отандастарын Кувейт Мемлекетінің Ұлттық күнімен құттықтады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент достық пен өзара қолдауға негізделген екіжақты қарым-қатынастар халықтарымыздың игілігі жолында алдағы уақытта да нығая беретініне сенім білдірді.
Бұған дейін, 26-27 ақпан күндері Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Сербия Президенті Александр Вучич Астанаға ресми сапармен келетінін жазған едік.