• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Елорда Бүгін, 18:45

Астанада демалыс күндері ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді

0 рет
көрсетілді

Астанада 28 ақпан мен 1 наурыз күндері кезекті қалалық ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап. 

Жәрмеңкеде жергілікті фермерлер мен Қазақстанның түрлі өңірлерінен келген өндірушілердің өнімдері ұсынылады. Қала тұрғындары мен қонақтары көкөніс пен жеміс-жидек, ет, ұн және сүт өнімдері, нан-тоқаштар, табиғи шырындар, тосаптар мен джемдерді және өзге де тауарларды қолжетімді бағада сатып ала алады.

Іс-шара 28 ақпан және 1 наурыз күндері сағат 10:00-ден 19:00-ге дейін Keryen Joly сауда орталығында (Алаш тас жолы, 35Б) өтеді.

Ауыл шаруашылығы жәрмеңкесінде қанша тонна ет сатылды?

Айта кетейік, жәрмеңке өтетін орынға №7, 11, 39, 41, 45, 53, 59, 81, 307 және 317 бағытындағы автобустар қатынайды.

Таразда ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті

Соңғы жаңалықтар