• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Саясат Бүгін, 08:55

Көлік саласындағы келелі істер

0 рет
көрсетілді

Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Склярдың төрағалығымен Көлік министрлігінің алқа отырысы өтті. Іс-шараға Президент Әкім­ші­лігінің, Үкімет Аппаратының өкілдері, ведомствоға қарасты ұйымдар­дың басшылары және жергілікті атқарушы органдардың өкілдері қатысты.

Өз сөзінде Премьер-министрдің бірінші орынбасары Р.Скляр алқа отырысы еліміздегі саяси трансформация мен жаңа Конституцияны әзірлеу аясында өтіп жатқанын тілге тиек етті.

«Жаңа Конституция жобасы қоғамның белсенділігі мен саяси мә­дениетін арттыру шараларын көз­дейтін, мемлекетіміздің дамуының сапалық жаңа деңгейін белгілейтін тұжырымдамалық жаңа құжат болып саналады», деді Р.Скляр.

Жиында қатысушылар Мемле­кет басшысының тапсырма­лары­ның орындалуы бойынша алдағы кезеңге арналған басым бағыттарды айқындады.

Теміржол саласында ірі инфра­құрылымдық жобалар жүзеге асырылды. Атап айтқанда, Дос­тық – Мойынты учаскесі мен Алма­ты стансасының айналма темір­жол желісі іске қосылды, 1,5 мың шақырымнан астам жол жаңартылды, шамамен 320 млн тонна жүк тасымалданды.

Автомобиль жолдары саласында 13 мың шақырымға жуық жолда құрылыс және жөндеу жұ­мыс­­тары жүргізілді. Қызылор­да – Жез­­қазған (Қызылорда облы­сы ау­мағындағы), Қалбатау – Майқапшағай, Ұзынағаш – Отар жобалары аяқталды.

Азаматтық авиация саласында ұшу қауіпсіздігі бойынша ИКАО стандарттарына сәйкестік деңгейі 95,7%-ға жетті. Еліміздегі әуежайлар 30 млн-нан астам жолаушыға қызмет көрсетті, халықаралық маршруттар желісі кеңейтіліп жатыр.

Биылға арналған жоспарлар аясында теміржол саласында «Дар­база – Мақтаарал», «Мойынты – Қызылжар» желілерінің құры­лысы, «Алтынкөл – Жетіген», «Бей­неу – Маңғыстау» учаскелерін жаңғырту жұмысын аяқтау, сондай-ақ «Бақ­ты – Аягөз» жобасын жалғастыру көзделген. Бұдан бөлек, вокзалдарды жаңғырту жұмысын аяқтау, жолаушылар мен жүк вагондары паркін одан әрі жаңарту жоспарланып отыр.

Автожол саласында жалпы ұзындығы 11 мың шақырымды қам­титын жол құрылысы мен реконструкциялау жұмыстары жал­ғасады. Атап айтқанда, «Қы­зыл­ор­да – Жезқазған» автожолында (Ұлытау облысы аумағында) жұмыс жүргізіледі. «Орталық – Батыс» жобасын жүзеге асыру­дың белсенді кезеңі басталады. Сонымен қатар «Қарағанды – Жез­қазған», «Ақтөбе – Қызыл­орда», «Бейнеу – Сексеуіл» жоба­ларын бастау жос­парланған.

Мультимодальды тасымалды дамыту мақсатында Ақтау мен Құ­рық порттарының инфра­құры­лымын жаңғырту, оның ішінде айлақтарды реконструкциялау,  түбін тереңдету жұмысын аяқтау көзделген.

Әуе хабтары мен авиациялық инфрақұрылымды дамыту аясында Астана мен Шымкентте екінші ұшу-қону жолақтарын салу, Алматы әуежайының ішкі рейс­тер терминалын және Ақтау әуе­жайының перронын реконс­трук­циялау, Атырау қаласында жаңа терминал салу, Павлодар әуеай­лағын жаңғырту, Арқалық әуе­жайын қалпына келтіру, сон­дай-ақ Катон-Қарағай, Зайсан, Кендірлі курорттық аймақтарындағы әуе­жайлар құрылысын аяқтау жос­парланып отыр.

Жыл соңына дейін отандық әуе компаниялары 9 жаңа әуе кемесін сатып алып, әуе паркінің санын шамамен 118 бірлікке дейін ұлғайтуды мақсат етті. Бұл жолаушылар тасымалы сыйымдылығын арттыруға, жаңа халықаралық бағыттарды ашуға, рейстер жиілігін көбейтуге жол ашады.

Алқа отырысының қорытынды­сында Роман Скляр көлік-логистика саласын одан әрі дамыту бойынша қосымша міндеттерді айқындап, нақты тапсырма берді. 

Соңғы жаңалықтар