Жолаушылар пойызға жиі үлгермей жатады. Осыған байланысты «Жолаушылар тасымалы» АҚ пойыздан қалып қойған жағдайда қандай әрекет жасау керек екенін түсіндірді, деп жазады Egemen.kz.
Мұндай жағдайда ең алдымен, вокзалдағы билет кассасына жүгініп, туындаған жағдай туралы кассирге хабарлау қажет.Егер жолаушы пойызға үлгермесе, билет құнының бір бөлігін қайтарып алу мүмкіндігі қарастырылған. Бұл үшін өтінішті билетте көрсетілген станциядан пойыз жөнелгеннен кейін бір сағаттан кешіктірмей рәсімдеу қажет.
Рамазан айында пойыздарда алкоголь өнімдері сатылмайды
Қайтару рәсімін жүргізу үшін жолаушы жеке куәлігі мен билетін ұсынуы тиіс. Кассир қажетті құжаттарды рәсімдеп, бос орын болған жағдайда келесі пойызға отырудың балама нұсқаларын ұсына алады. Билет құнын қайтару көлемі мен мерзімі жолаушыларды, жүк пен багажды, сондай-ақ пошта жөнелтілімдерін теміржол көлігімен тасымалдау қағидаларына сәйкес айқындалады.
8 наурыз мерекесіне орай пойыздарға қосымша вагондар қосылды
Мұндай жағдайларда жолаушылар қосымша ақпарат алу үшін 1433 нөмірі бойынша хабарласып, сондай-ақ вокзалдың анықтама қызметіне жүгіне алады.
Енді Шу мен Отар арасында электрпойызы қатынайды
«Жолаушылар тасымалы» АҚ келеңсіз жағдайды болдырмау үшін жолаушыларға вокзалға ертерек келуді ұсынады.