• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Саясат Бүгін, 07:50

Ел дамуындағы шешуші кезең

0 рет
көрсетілді

Сенатта палата спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен Мәслихаттармен өзара іс-қимыл жөніндегі кеңестің кезекті отырысы өтті. «Жаңа Конституция – ұзақмерзімді дамудың берік негізі» тақырыбына арналған іс-шарада адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау, заң үстемдігін нығайтуға қатысты заңнаманы жетілдіру мақсатында жүргізіліп жатқан конституциялық реформаның маңызы талқыланды.

М.Әшімбаев қатысушыларға ілтипат білдіріп, конституциялық реформа ел дамуындағы шешуші кезең екенін тілге тиек етті. Жаңа Ата заң жобасы Әділетті Қазақстан идеясын толық іске асыруға ықпал етіп, саяси жүйе­ні демократияландыру мен жаң­ғыр­тудың құқықтық негізін айқын­дайтыны да айтылды.

«Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен барлық салада аса маңызды реформалар жүйелі түрде жүзеге асырылып келеді. Қазір жүргізіліп жатқан конс­ти­ту­циялық өзгерістер сол іргелі істің жүйелі әрі дәйекті жалға­сы екені анық. Мемлекет басшы­сының Жарлығымен 15 наурызда жаңа Конституцияға байланысты республикалық референдум өтеді. Бұл – елдің саяси жүйесін демо­кра­тияландыру жолындағы тарихи кезең. Ата заң, ең алдымен, мемле­кеттілік пен Тәуелсіздікті нығайту­мен қатар азаматтардың әл-ауқатын арт­тыруға бағытталған. Сондық­тан жаңа Конституция жобасы Заң мен тәртіп қағидаттарына, аза­мат­тардың мүдделері мен құқық­тары­на табан тірейді», деді Сенат төрағасы.

Палата спикері жаңа Консти­ту­цияның преамбуласына тоқ­талып, мұнда адамның құқықтары мен бостандықтары алғаш рет мем­лекеттің негізгі басымдығы ретін­де бекітілгенін атап өтті. Сон­дай-ақ ол адам капиталы, білім, ғы­лым, инновацияны дамытуға бағыт­талған ережелерге ерекше тоқталды.

Сонымен қатар Сенат төраға­сы конституциялық реформа сая­си жүйе эволюциясының таби­ғи жалғасы, сарапшылар мен аза­маттық қоғамдастық өкілдерінің ұзақмерзімді бірлескен жұмысы­ның нәтижесі екенін айтты.

«Жаңа Конституция – Әділетті Қазақстанның конституциялық моделінің, жалпы елдің орнықты дамуының құқықтық негізін қалай­тын тарихи құжат. Осыған бай­ла­нысты билік тармақтарының тиім­ділігіне негізделген заманауи мемлекеттік басқару жүйесін құру көзделіп отыр. Ата заңның нормаларына сәйкес Құрылтайдың өкілді рөлі артып, жаңа саяси инс­титуттар құрылады. Өңірлер­дің және барлық әлеуметтік топтың өкіл­дігін қамтамасыз ету үшін жо­ғары консультативтік орган ретін­де Халық кеңесі қалып­таса­тыны белгілі. Мемлекеттік билік ор­гандарының конститу­циялық мәртебесі, құзыреті мен міндет­тері де айқындалып отыр», дей келе М.Әшімбаев мәслихат депутаттарын Мемлекет басшысы белгілеп берген міндеттерді іске асыру жолында жұдырықтай жұмылуға шақырды.

Кеңеске қатысушылар қазіргі өзгерістерге, оның ішінде билік жүйесін трансформациялауға қатысты да пікір білдірді. Сондай-ақ Құрылтай, Халық кеңесі, тағы басқа да жаңа саяси институттар, олардың қалыптасуы, міндеттері, құзыреттері мен қызметі сөз болды. Конституциялық реформа Пар­ламент пен мәслихат депутаттары, қоғам қайраткерлері, түрлі сала­дағы сарапшылар мен мамандар, сондай-ақ ел ертеңіне бейжай қа­рамайтын белсенді азаматтар қатыс­қан кешенді әрі жүйелі жұмыстың нәтижесі екенін айтты қатысушылар.

Отырысқа сенаторлармен бірге облыстық, қалалық мәсли­хат­­тардың депутаттары мен қо­ғам­дық ұйы­мдардың өкілдері қатысты.