• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Қазақстан Бүгін, 14:40

Таяу Шығыстағы қақтығысқа қатысты Қазақстанның ұстанымы қандай?

10 рет
көрсетілді

Қазақстан Таяу Шығыстағы қақтығысқа қатысты ешбір тараптың жағына шықпайды және өзге мемлекеттердің ішкі ісіне араласпау қағидатын ұстанады. Бұл туралы Сыртқы істер вице-министрі Әлібек Бақаев мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Оның айтуынша, еліміздің ұстанымы өзгеріссіз қалады: Қазақстан Иранды да, шабуылға ұшыраған елдерді де қолдамайды. Ел әскери шиеленістің ушығуына қарсы және кез келген қақтығыстың алдын алу қажет деп санайды. Ал туындаған жағдайда олар тек дипломатиялық жолмен шешілуі тиіс.

Таяу Шығыстағы қақтығыс салдарынан 13 рейс тоқтатылды

Келіссөздер өткізу үшін алаң ұсыну мүмкіндігі туралы сұраққа жауап берген вице-министр Қазақстанның күрделі халықаралық жанжалдарды реттеуде делдалдық тәжірибесі бар екенін еске салды.

Сонымен бірге, қазіргі уақытта келіссөз алаңын ұсыну жөнінде ресми өтініштер түспегені айтылды. Алайда мұндай ұсыныс жасалған жағдайда Қазақстан оны қарастыруға дайын.

Қазақстан Таяу Шығыстағы жағдайға байланысты «жедел желі» нөмірлерін іске қосты

Соңғы жаңалықтар