• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Мереке 05 Наурыз, 2026

Қарасайдағы мектепте әйелдер күніне арналған мерекелік кеш өтті

10 рет
көрсетілді

Алматы облысы Қарасай ауданы Абай ауылындағы №2 мектепте Халықаралық әйелдер күніне орай ерекше мерекелік мюзикл кеші өтті. Көктемнің нәзік лебіндей әсер қалдырған шараға мектептің әйелдер қауымы, сондай-ақ аудан мектептерінің директорлары мен білім беру ұйымдарының нәзік жандылары қатысты.

Кештің ең әсерлі сәттерінің бірі – осы білім ордасының бұрынғы директоры, ардагер ұстаз Нысанбаева Батима Қалпиевнаны ерекше құрметпен қарсы алу болды. Жиналған қауым оның саналы ғұмырын білім саласына арнаған еңбегін ризашылықпен еске алып, өмірлік тәжірибесі мен өнегелі жолын ілтипатпен атап өтті. Ардагер ұстазға көрсетілген құрмет залдағы барша жанның жүрегіне жылылық сыйлады.

Мерекелік кешке арнайы шақырылған Қарасай аудандық білім бөлімінің басшысы мен аудан мектептерінің директорлары да шараны зор ықыласпен тамашалап, ұжымның ұйымшылдығына ризашылықтарын білдірді.

Кеш барысында Қарасай аудандық білім бөлімінің басшысы Асел Аблеевна бірқатар ұстазды Құрмет грамотасымен марапаттап, олардың ұстаздық жолдағы қажырлы еңбегін жоғары бағалады. Ал Батима Қалпиевна жиналған қауымға жүрекжарды алғысын айтып, ақ батасын берді.

Мерекелік кешті №2 мектептің оқушылары әсем әнмен, мың бұралған бимен және әсерлі қойылымдарымен көріктендірді. Әрбір өнер нөмірі көрермендерге ерекше көңіл күй сыйлап, залды шаттық пен қол шапалаққа бөледі.

Сонымен қатар Қарасай аудандық білім бөлімінің сектор меңгерушісі Бағлан Қанатовна кәсіподақ атынан мерекелік құттықтауын жеткізіп, білім саласына еңбегі сіңген ұстаздарды Алғыс хаттармен марапаттады.

Кеш соңында №2 мектеп директоры Жұмабеков Самат Сүйімбекұлы қонақтарды көктемнің шуақты мерекесімен құттықтап, ұжымға қолдау білдірген әріптестеріне шынайы ризашылығын жеткізді. Мерекелік кеш қатысушылардың жүрегінде ұзақ сақталатын жылы әсер қалдырды.

Соңғы жаңалықтар