• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Әлем Бүгін, 09:40

Мысыр бағытындағы рейстер тоқтай ма? «Scat» әуе компаниясы ресми мәлімдеме жасады

10 рет
көрсетілді

«SCAT» Airlines әуе компаниясы Таяу Шығыстағы әскери қақтығысқа байланысты «Мысырға ұшатын рейстердің тоқтатылуы мүмкін бе?» деген туристерді алаңдатып отырған сауалға жауап берді, деп жазады Egemen.kz.

Компания мәліметінше, Египет қақтығысқа қатысып жатқан жоқ. Сондықтан елдегі жағдай тұрақты, Шарм-эш-Шейхтегі туристік маусым жалғасып жатыр. Курорттық инфрақұрылым қалыпты жұмыс істеп тұр, қонақ үйлер туристерді әдеттегідей қабылдауын тоқтатқан жоқ.

Трамп: Иранға қарсы соққылардың «үлкен толқыны» әлі алда

«Рейстер бекітілген кесте бойынша қауіпсіз әуе дәліздері арқылы қақтығыс аймақтарынан тыс бағыттармен орындалады. Ұшақтар әскери әрекеттер жүріп жатқан елдердің әуе кеңістігі арқылы ұшпайды. Мысыр аспаны ашық, әуежайлары штаттық режимде жұмыс істеп тұр. Әуе қатынасына шектеу қойылмаған», делінген «SCAT» Airlines таратқан хабарламада.

Иранға жасалған соққы салдарынан ЮНЕСКО тізіміне енген тарихи нысан зақымданды

Әуе компаниясы авиациялық қауіпсіздік қызметі мен операциялық орталығы жағдайды тәулік бойы, нақты уақыт режимінде бақылап отырғанын атап өткен.

Мысыр визасы қымбаттады: Қазақстан азаматтары үшін жаңа тариф енгізілмек

Соңғы жаңалықтар