• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Ауа райы Бүгін, 11:59

Астанада мереке күндері ауа райы құбылмалы болады

10 рет
көрсетілді

Астанада наурыздың алғашқы күндері ауа райы суық әрі желді болады. Синоптиктердің болжамынша,  күндіз нөл градусқа дейін жылынғанымен, түнде аяз −10 °C-қа дейін қайта күшеймек, деп хабарлайды Egemen.kz.

4-6 наурызда ауа температурасы күндіз −2 °C шамасында тұрақтап, түнде −10 °C-қа дейін төмендейді. Бейсенбі күні жауын-шашын болуы мүмкін.

7 наурызда термометр бағаналары 0 °C-қа дейін көтерілгенімен, қар жауып, тұрғындарға қолайсыздық тудыруы ықтимал.

Қар, боран және көктайғақ: Бүгін елімізде ауа райы қандай болады?

8 наурыз – Халықаралық әйелдер күнінде ауа райы құбылмалы бұлтты болып, күндіз −2 °C, түнде −5 °C суық болады деп күтіледі.

Елорда тұрғындары мен қонақтарына ауа райының құбылмалы мінезіне сай киініп, жолда абай болу ұсынылады.
Соңғы жаңалықтар