«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы Қазақстандағы республикалық маңызы бар автомобиль жолдарындағы жағдай туралы мәлімет берді, деп хабарлайды Egemen.kz.
2026 жылғы 5 наурыз сағат 08:00-дегі жағдай бойынша, бірқатар өңірлерде республикалық маңызы бар жол учаскелерінде қозғалыс ашық.
Қозғалыс ашық жолдарСолтүстік Қазақстан облысы:
Астана – Көкшетау – Петропавл – Ресей шекарасы; Астана – Атбасар – Жақсы – Рузаевка – Сарыкөл – Қостанай; Жезқазған – Арқалық – Петропавл; Көкшетау – Кішкенекөл – Бидайық – Ресей шекарасы; Қостанай – Мамлютка және басқа да жолдарда көлік қозғалысына рұқсат берілген.Ақмола облысында:
Жезқазған – Арқалық – Петропавл, Көкшетау – Кішкенекөл – Бидайық, Астана – Атбасар – Жақсы – Рузаевка бағытындағы бірқатар жол учаскелері ашық.Қостанай облысында:
Астана – Атбасар – Жақсы – Рузаевка – Сарыкөл – Қостанай – Ресей шекарасы; Қостанай – Мамлютка және Қостанай – Әулиекөл – Сұрған бағыттарында қозғалыс рұқсат етілген. Шектеу енгізілген жолдарАуа райының қолайсыздығына байланысты кейбір өңірлерде барлық көлік түрлеріне уақытша шектеу енгізілді.
Ақтөбе облысында:
Ақтөбе – Ресей шекарасы (Әлімбет өткізу пункті) жолының 39-136 шақырым аралығы;
Ресей шекарасы – Мәртөк – Ақтөбе – Қарабұтақ – Қызылорда – Шымкент – Тараз – Қордай – Алматы – Қорғас бағытындағы жолдың Ақтөбе – Қарабұтақ аралығы жабық.
Жетісу облысында:
Үшарал – Достық – Қытай шекарасы автожолының 84-164 шақырымы (Көктұма станциясы – Достық станциясы).
Павлодар облысында:
Астана – Шідерті – Павлодар – Успенка – Ресей шекарасы тасжолындағы «Қалқаман» жолайрығында көлік қозғалысы шектелді. Бұл шектеу көпір құрылымының зақымдануына байланысты енгізілген.
Еске сала кетейік, еліміздің басым бөлігінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды.