Шетелде жүрсе де, өзінің біліктілігін көрсетіп жүрген қазақ қызының бірі – Әсел Аяпова. Ол – АҚШ-тың «AES» корпорациясының энергетикаға арналған жаһандық дрондық инновациялық бағдарламасының директоры және Энергетикадағы дрондар мен роботтар халықаралық коалициясының, Америкадағы «Women and Drones» қауымдастығы кеңесінің мүшесі қызметін атқарып келеді.
Ол жетекшілік еткен бағдарлама АҚШ энергетикасы мен ғаламдық ұшқышсыз авиация саласында айтарлықтай табысқа қол жеткізді. Соның нәтижесінде оның командасы «AUVSI Award 2018» халықаралық сайысында екінші орынды, тағы бір сайыста үшінші орынды жеңіп алды.