• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Футбол Бүгін, 10:45

Шымкентте матч кезінде жаппай төбелес болды: Екі ойыншы жарақат алды

10 рет
көрсетілді

Шымкент қаласында өткен жастар арасындағы бақылау матчында алаңдағы келіспеушілік жаппай төбелеске ұласып, салдарынан «Ақтөбе» клубының екі жас футболшысы ауруханаға жеткізілді. Оқиға әлеуметтік желілерде қызу талқыланып, қоғам назарын аударды, деп жазады Egemen.kz.

«Ақтөбе» футбол клубының мәліметінше, бүгін таңертең Шымкентте жергілікті «Ордабасы» мен «Ақтөбе» жастар командалары арасында бақылау матчы өткен. Кездесудің екінші таймының басында ойын сәттерінің бірінде туындаған келіспеушілік екі команда ойыншылары арасындағы жаппай қақтығысқа ұласқан.

Литваның бірнеше дүркін чемпионы «Атырау» клубына бас бапкер болды

Жанжал салдарынан «Ақтөбе» командасының екі жас футболшысы жарақат алған. Клубтың хабарлауынша, олардың бірі жақ сүйегін сындырып, екіншісі иек тұсынан жарақат алған. Дәрігерлер алғашқы ойыншыға ота жасау қажет екенін анықтаған.

Миллиардер Шухрат Ибрагимов «Тобыл» футбол клубын сатып алды

Клуб оқиғаға байланысты ресми мәлімдеме жасап, зорлық-зомбылықты қатаң айыптайтынын білдірді. «Ақтөбе» футбол клубы тиісті органдар аталған жағдайды жан-жақты тексеріп, құқықтық баға береді деп сенім білдіреді. Сондай-ақ клуб жарақат алған жасөспірімдердің тез сауығып кетуін тілеп, ем-домына қажет барлық көмекті көрсететінін мәлімдеді.

«Реал» тағы да бапкер ауыстырады

Соңғы жаңалықтар