• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Референдум Бүгін, 08:48

Астана әкімі референдумда дауыс берді

20 рет
көрсетілді

Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек Конституциялық реформаға арналған референдумда дауыс берді. Қала басшысы елордадағы Оқушылар сарайында орналасқан сайлау учаскелерінің бірінде таңдауын жасады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қала әкімдігінің мәліметінше, бүгін таңғы сағат 07:00-де елордада референдум өткізуге арналған 501 учаске жұмысын бастады. Оның ішінде 395 ашық учаске және 106 уақытша орналасу орындарындағы учаске бар.

Таңертеңнен бастап дауыс беру орындарында тұрғындардың белсенділігі байқалады. Қала тұрғындары референдумға қатысып, өз таңдауын жасап жатыр.

Бұдан бұрын Алматы облысының әкімі де өз таңдауын жасаған болатын.

Айта кетейік, бүгін Қазақстан бойынша Жаңа Конституция жобасына қатысты республикалық референдум өтіп жатыр. Кәмелет жасына толған әрбір азамат өз таңдауын жасауға ерікті.

Соңғы жаңалықтар