Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаров Ұзақбай Құлымбетов атындағы №64 мектепте орналасқан №541 референдум учаскесіне келіп, өз таңдауын жасады. Дауыс бергеннен кейңн өңір басшысы жаңа Конституция жобасы бойынша өткізіліп жатқан референдумның ел өміріндегі маңыздылығын атап өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Бүгін мен референдум учаскесіне келіп, еліміздің жарқын болашағы үшін өз таңдауымды жасадым. Бұл – тек біздің құқығымыз ғана емес, әрбір азаматтың Отан алдындағы міндеті. Конституция – Тәуелсіз Қазақстанның басты құжаты, мемлекетіміздің берік негізі», дей келіп Асхат Шахаров еліміздің бай-қуатты болуы үшін жұртылықты жұмыла қызмет етуге шақырды.
Алматы облысының әкімі референдумда өз таңдауын жасады
Өңір басшысының айтуынша, мемлекетіміздің бағдары ашық және айқын: әр азаматтың жеке құқығы қорғалатын, экономикасы және халқының әл-ауқаты жоғары мемлекеттің тұғырын бекіту. Сондай-ақ ол Ақтөбе облысында референдумды өткізу үшін қажетті жағдай жасалғанын атап өтті. Өңірдегі 528 дауыс беру учаскесі барлық жабдықтармен қамтамасыз етіліп, бірнеше дауыс беру кабиналары жасақталған.
Астана әкімі референдумда дауыс берді
Бүгін Қазақстан бойынша Жаңа Конституция жобасына қатысты республикалық референдум өтіп жатыр. Кәмелет жасына толған әрбір азамат өз таңдауын жасауға ерікті.