Биыл Қазақстанда Наурыз мерекесі мүлде жаңа, жоғары технологиялық форматта өтті. Дәстүрлі киіз үйлердің орнына VR-аймақтар мен жасанды интеллект жобалары бар цифрлық кеңістіктер ұйымдастырылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әдеттегі ұлттық ойындар да жаңаша сипат алып, «Robot күресі» және «робот-көкпар» сияқты робототехника турнирлеріне ұласты. Қала көшелерінде видеоаватарлар мен LED-туннельдер орнатылып, мерекелік атмосфера заманауи технологиялармен толықтырылды.
Кейбір орындарда ұлттық тағамдарды жеткізу дрондарға сеніп тапсырылды. Сонымен қатар, мерекелік бағдарлама аясында хакатондар, Baursaq Pitch стартап-жобаларын таныстыру алаңдары және жастарға арналған жасанды интеллект бойынша білім беру интенсивтері өтті.
Елорда театрының Наурыздағы балаларға базарлығыОсылайша, Наурыз мерекесі биыл тек дәстүрлі емес, үлкен технологиялық фестивальге айналып, көпшілікті ерекше форматымен таңғалдырды.