• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Ғылым Бүгін, 13:42

Елімізде қанша ғылыми зертхана жұмыс істеп тұр?

20 рет
көрсетілді

Білім беру және ғылыми инфрақұрылымды дамыту шеңберінде қазір елімізде 303 ғылыми зертхана, 62 коммерцияландыру орталығы жұмыс істеп тұр. Бұл туралы Үкімет отырысында Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек айтты, деп жазады Egemen.kz.

Министр елімізде ғылымды қаржыландыру ұлғайтылғанын, Ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар үшін салықтық ынталандырулар енгізілгенін, сондай-ақ алғаш рет эндаумент-қор құрылып, оған 2 млрд теңге тартылғанын, әрі қарай оның капиталын кезең-кезеңімен 10 млрд теңгеге дейін жеткізу жоспарланып отырғанын атап өтті.

Ғылым қалашығы қайта түлейді

«Осы тұста экожүйенің өз алдына оқшау емес, Astana Hub және Alem.ai халықаралық жасанды интеллект орталығымен тығыз өзара іс-қимыл арқылы қалыптасып жатқаны ерекше маңызды. Бұл ғылымды, стартаптарды, технологиялық командаларды және даму инфрақұрылымын біріктіретін бірыңғай контурды қалыптастырады», деді Саясат Нұрбек.   Технология мен ғылымды тоғыстырған
Соңғы жаңалықтар