• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Ауа райы Бүгін, 09:16

Еліміздің 13 қаласында ауа сапасы нашарлайды

30 рет
көрсетілді

«Қазгидромет» еліміздегі ауа сапасына қатысты болжамын жариялады.  Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал, деп хабарлайды Egemen.kz.

«2 сәуірде Петропавл, Көкшетау, Павлодар, Қарағанды, Жезқазған, Балқаш, Теміртау, Атырау, Өскемен, Риддер, Семей, Алматы, Астана қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі», делінген хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Еске салайық, кешегі күні елімізде 30 градусқа дейін ыстық болған.

Соңғы жаңалықтар