• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Спорт Бүгін, 16:24

Семсерлесуден жаһандық турнирде Қазақстан спортшысы жүлдегер атанды

20 рет
көрсетілді

Бразилияның бас шаһары Рио-де-Жанейрода семсерлесуден жасөспірімдер мен кадеттер арасында әлем чемпионаты өтіп жатыр, деп жазады Egemen.kz.

Семсерші Нұрмұхамед Жайлыбай жасөспірімдер арасында қола жүлде жеңіп алды.

Руслан Курбанов семсерлесуден Германиядағы әлем кубогінің жеңімпазы атанды

Жарыс барысында ол Венгрия спортшысы Даниэль Беркешиді (15:6), жапон спортшысы Мотоки Кавахараны (15:7), ресейлік Ярослав Борисовты (15:14) және АҚШ өкілі Эмилио Патурзоны (15:13) ұтты.

Отандасымыз Н. Жайлыбай жартылай финалға дейін жетіп, шешуші кезеңде Түркия өкілі Фуркан Яманға 13:15 есебімен жол беріп, үздік үштікті түйіндеді.

Тарихи жетістік: Қазақстан семсерлесуден әлем чемпионатында қола жүлде жеңіп алды

Соңғы жаңалықтар