Петропавл қаласында автожол өтпежолын салуға бөлінген бюджет қаражатын жымқыру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Мемлекетке келтірілген шығын 2 млрд теңгеден асты. Іс бойынша күдікті қамауға алынып, тергеу жалғасып жатыр, деп жазады Egemen.kz.
Қаржылық мониторинг агенттігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің мәліметінше, 2023 жылдың тамызында Петропавл қаласы әкімдігінің «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» КММ мен «BUKA» ЖШС арасында жалпы құны 5,4 млрд теңгеге автожол өтпежолын салу туралы келісімшарт жасалған.
Ірі көлемде қаржы жымқырған құрылыс компаниясының басшысы Ресейден экстрадицияланды
Алайда жобаны іске асыру барысында мердігер ұйым жұмыс кестесінен жүйелі түрде кешігіп отырған. Тергеу барысында анықталғандай, компания директоры тапсырыс беруші тараптың лауазымды тұлғаларымен сөз байласып, нақты орындалмаған жұмыстарды орындалды деп көрсететін жалған актілерді рәсімдеген.
Сол құжаттардың негізінде мердігердің есепшотына бюджет қаражаты негізсіз аударылған. Соның салдарынан мемлекетке 2 млрд теңгеден астам залал келтірілген.
Сот санкциясымен жалпы құны 270 млн теңгеден асатын 24 автокөлік пен арнайы техникаға тыйым салынды. Сонымен қатар күдіктіге қатысты қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды.
Қазіргі уақытта тергеп-тексеру жалғасып жатыр. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес, өзге мәліметтер жариялауға жатпайды.
Астанада жедел жәрдем станциясының қызметкерлері жылдар бойы қаржы жымқырған