Алматы облысында жеке тұрғын үйде болған газ жарылысы салдарынан зардап шеккен әйел мен оның үш ұлы ауыр халде ауруханаға жеткізілді. Барлығы ауыр күйік және жарақат алған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Төтенше жағдай Илий ауданы Екпінді ауылында болған. Куәгерлердің айтуынша, таңғы уақытта болған жарылыстан үй толықтай қираған. Дәрігерлердің мәліметінше, науқастардың жағдайы өте ауыр. Оларға қарқынды ем-дом және жедел медициналық көмек көрсетіліп жатыр. Ең ауыр жарақатты ортаңғы ұл алған, ал кіші балада бет күйігі мен мұрын сынуы тіркелген.
Үндістандағы фейерверк зауытында жарылыс болды: 23 адам қаза тапты
Газ компаниясы алдын ала дерек бойынша жер астындағы құбырдан газдың ағуы тіркелгенін растады. Алайда қайғылы оқиғаның нақты себептері әлі анықталып жатыр.
Шахтинскіде көпқабатты үйде газ жарылды: 8 адам зардап шекті
Қазіргі уақытта оқиға орнында тиісті қызметтер жұмыс істеп, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Жарылыстың нақты себептері сараптама қорытындысынан кейін белгілі болады.