Ақорда кулуарында Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек еліміздегі тест жүйесіне енгізілетін айтулы жаңалықпен бөлісті. 2027 жылдан бастап Қазақстанда Ұлттық бірыңғай тестілеуге балама ретінде жаңа AIT (Admission Insight Test) емтиханы пилоттық режимде іске қосылады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Жаңа емтихан әлемге әйгілі ETS компаниясымен бірлесіп әзірленіп жатыр. Қазірдің өзінде компания делегациясы Астанаға келіп, шетелдік университеттердің филиалдарымен алғашқы кездесулерін бастап кеткен.
ҰБТ форматы өзгереді: Енді талапкерлер бір-ақ рет тест тапсырады
Министрдің айтуынша, бұл тест білім алушыларға халықаралық деңгейдегі мүмкіндіктерді ашады. ETS стандарттарына негізделгендіктен, бұл тест нәтижелерін Қазақстандағы шетелдік жоғары оқу орындарының филиалдары ғана емес, шетелдегі университеттер де автоматты түрде қабылдайды. AIT негізгі ҰБТ-ны алмастырмайды, ол талапкерлерге қосымша нұсқа ретінде ұсынылады.Негізгі емтиханға дейін сынақ тестін тапсырып көру мүмкіндігі де сақталады.
«Жаңа тесттің басты басымдығы – оның нәтижелерін барлық шетелдік университет филиалдары қабылдайтын болады. Бұл – сапаның жоғары стандарты, сондықтан ол түсу процедураларында автоматты түрде танылады», деді Саясат Нұрбек.
Қазақстан жаңа форматтағы ҰБТ-ға қашан көшеді?
Жаңа жүйе 2027 жылдан бастап сынақтан өткізіле бастайды.