• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Қоғам Бүгін, 14:10

Енді блогерлер жасырын саяси үгіт үшін жауапқа тартылуы мүмкін

20 рет
көрсетілді

Орталық сайлау комиссиясы блогерлерді жасырын саяси жарнама жүргізгені үшін жауапкершілікке тартуға болатынын мәлімдеді. Бұл үшін кандидатпен немесе партиямен ресми келісімшарттың болуы міндетті емес, деп хабарлайды Egemen.kz.

Мәселе сайлау заңнамасына енгізілетін түзетулерді талқылау кезінде көтерілді. Мәжіліс депутаты Никита Шаталов мысал ретінде көп оқырманы бар блогердің партия символикасы бейнеленген киіммен эфирге шығып, белгілі бір кандидатқа ашық қолдау көрсетуі мүмкін жағдайды келтірді. Оның айтуынша, мұндай жағдайда блогер ақша алмауы да, ресми келісім жасамауы да ықтимал.

Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Шавкат Өтемісов заң бойынша үгіт-насихат жүргізу кандидаттың немесе партияның жазбаша келісімімен ғана жүзеге асуы тиіс екенін түсіндірді.

Егер мұндай келісім болмаса, онда бұл әрекет «жасырын үгіт» ретінде бағаланады. Мұндай құқық бұзушылық үшін Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 118-бабы бойынша жауапкершілік қарастырылған.

Сондай-ақ Шавкат Өтемісов блогер бұрын қандай да бір кандидатпен немесе партиямен келісімшарт негізінде жұмыс істесе, онда ол өз платформасын басқа кандидаттарға да тең дәрежеде ұсынуға міндетті екенін айтты.

Ал егер жарияланымдар ақысыз әрі ресми келісімсіз жарияланса, онда мұндай міндет жүктелмейді.

Еске салайық, блогер Ерболат Жанәбілов пен жұбайына қатысты сот үкімі шықты.

Жетісу облысында Елтаңбаны қоқыстан алып шыққан блогер айыппұл арқалады.

Соңғы жаңалықтар