Түркістан облысында полиция қызметкерлері әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг барысында кәмелетке толмаған жасөспірімнің автокөлік тізгіндеген бейнежазбасын анықтады. Жедел тексеру нәтижесінде оқиғаның Ордабасы ауданында болғаны белгілі болған, деп жазады Egemen.kz.
Polisia.kz мәліметінше, бейнежазбадағы адамдар полиция бөліміне жеткізілген.
Тексеру барысында 15 жастағы жасөспірімнің үйде үлкендердің жоқтығын пайдаланып, атасына тиесілі ВАЗ көлігін рұқсатсыз айдап шыққаны анықталған. Сонымен қатар ол көлік жүргізген сәтін TikTok әлеуметтік желісіне жариялаған.
Таразда полициядан қашқан жасөспірімнің кесірінен бір адам қаза тапты
Полиция қызметкерлерінің жедел әрекетінің арқасында жол қозғалысына төнуі мүмкін қауіптің алдын алу мүмкін болды. Автокөлік айыптұраққа қойылып, заң талаптарына сәйкес әкімшілік шаралар қабылданды.
Сондай-ақ кәмелетке толмаған жасөспірімнің заңды өкілі жауапкершілікке тартылған.
Тәртіп сақшылары тараптарға профилактикалық түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, кәмелетке толмағандардың көлік басқаруы адам өмірі мен жол қауіпсіздігіне елеулі қауіп төндіретінін ескертті.
Таразда жасөспірімдер арасындағы кикілжің жаппай төбелеске ұласты