• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Ауа райы Бүгін, 08:30

Найзағай мен қатты жел: Бүгін ауа райы қандай болады?

«Қазгидромет» мамандарының болжамынша, 4 маусым күні еліміздің көптеген өңірлерінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Кей жерлерде бұршақ түсіп, екпінді жел соғуы мүмкін, деп хабарлайды Egemen.kz.

Елдің оңтүстік және шығыс аймақтарында ауа райы ыстық болады. Күндіз ауа температурасы +30...+33 градусқа дейін көтеріледі.

Астана, Қарағанды, Қостанай, Көкшетау, Петропавл, Тараз және басқа да қалаларда жаңбыр мен найзағай күтіледі. Ал Алматы, Шымкент, Түркістан, Семей, Павлодар және Өскемен қалаларында жауын-шашынсыз, жылы ауа райы сақталады.

Синоптиктер тұрғындарға ауа райының қолайсыз құбылыстарына байланысты сақ болуға кеңес береді.

Соңғы жаңалықтар