• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Мереке Бүгін, 08:25

Бүгін – Мемлекеттік рәміздер күні

Жыл сайын 4 маусым күні Қазақстанда Мемлекеттік рәміздер күні аталып өтеді. Бұл күн еліміздің тәуелсіздігі мен егемендігін айқындайтын ерекше мереке, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстанның мемлекеттік рәміздеріне Ту, Елтаңба және Әнұран жатады. Олар 1992 жылғы 4 маусымда ресми түрде бекітілді. Мемлекеттік Тудың авторы – Шәкен Ниязбеков. Тудың көгілдір түсі бейбітшілік пен бірлікті білдіреді. Оның ортасында күн мен қыран бейнеленген.

Мемлекеттік Елтаңбаның авторлары – Жандарбек Мәлібеков пен Шот-Аман Уәлиханов. Елтаңбада шаңырақ, қанатты пырақтар және бес жұлдыз бейнеленген. Олар халықтың бірлігі мен жарқын болашағын суреттейді.

Қазіргі қолданыстағы Әнұран 2006 жылы бекітілді. Әнұран халқымыздың патриоттық рухын көтеріп, Отанға деген сүйіспеншілікті дәріптейді.

Қазақстанда мемлекеттік рәміздерді қолдану тәртібі егжей-тегжейлі реттеледі

Мемлекеттік рәміздер – әр азамат үшін қастерлі құндылық. Оларды құрметтеу – әрбір ел азаматының міндеті. Рәміздеріміз елдің тарихын, мәдениетін және тәуелсіздігін көрсететін маңызды белгілер саналады.

Соңғы жаңалықтар