• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Оқиға Бүгін, 16:11

Қарағандылық отбасы асырап алған балаларын иттің үйшігінде ұйықтауға мәжбүрлеген

Қарағанды облысының Қарқаралы ауданында қамқоршылыққа алынған балаларға қатыгездік көрсетті деп айыпталған педагогтар отбасына қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Тергеу деректеріне сәйкес, ерлі-зайыптылар бірнеше жыл бойы қамқорлыққа алған балаларды ауыр жұмысқа жегіп, мал бақтырған. Асырап алынған балалардың болмашы қателігі үшін ұрып-соққан. Оларға көң араласқан нан жегізіліп, иттің үйшігінде ұйықтауға мәжбүрленген.

Дәрігерлердің қорытындысы бойынша, балалардың бірінің денесінен 19 тыртық, ал екіншісінен 47 тыртық анықталған. Жәбірленушілердің бірі бұған дейін сотта өзін кілемге орап, үстінен секіргендерін, соның салдарынан есінен танып қалғанын айтқан. Осы оқиғадан кейін балаға басынан бірнеше операция жасауға тура келген, кейін оған мүгедектік берілген.

«Сарапшылардың қорытындысына сәйкес, кәмелетке толмаған бала бұған дейін қандай да бір психологиялық ауруға шалдықпаған. Ал осы оқиғалардан соң балада психикалық бұзылыс байқалған», деді прокурор сот отырысында.

Сот шешімімен ер адам 12 жылға, жұбайы 10 жылға, ал қызы 4 жыл 8 айға бас бостандығынан айырылды. Үшеуі де сот залында қамауға алынды. Сонымен қатар сот әрбір жәбірленушіге 10 миллион теңгеден моральдық өтемақы тағайындады.

Қарағандылық отбасы өздері асырап алған балаларды азаптап келген

Алайда сот үкімі әзірге заңды күшіне енген жоқ. Айыпталушылардың қорғаушылары апелляциялық шағым түсіретіндерін мәлімдеді.

Еске сала кетейік, бұған дейін Ақмола облысында асырап алған мүгедек баласын ұрып-соғып, қатыгездікпен қорлап келген әйелге сот үкімі шыққан еді. 

Соңғы жаңалықтар