АҚШ президенті Дональд Трамп Ормуз бұғазы арқылы кеме қатынасы қайта жанданғанын мәлімдеді. Оның айтуынша, Иран бұғаз арқылы өтетін кемелерден баж салығын алмайды, деп хабарлайды Egemen.kz
«Кемелер Ормуз бұғазынан шыға бастады, олардың көпшілігі мұнай тиеген. Олар толықтай қауіпсіз, қорғалған және ешқандай қауіп-қатер жоқ, оңтүстік дәліз арқылы жүруде. Қозғалыс үшін басқа бағыттар да бар», деді Трамп.
Сонымен қатар, Fars агенттігінің хабарлауынша, Тегеран кемелердің бұғаз арқылы тегін өтуіне тек 60 күн бойы рұқсат бермек.
Ормуз бұғазына балама: Түркия мен Сауд Арабиясы жаңа теміржол дәлізін салады
Осы мерзім аяқталғаннан кейін Иран тарапы бұғаз арқылы өтетін кемелерден төлем алып, түскен қаражатты ел экономикасын дамытуға бағыттауды жоспарлап отыр.