• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Қоғам Бүгін, 08:06

Бүгін бірқатар өңірде аптап ыстық болады

Бүгін бірқатар өңірінде +40…+41°C-қа дейін аптап ыстық болады. Аймақтарда жоғары және төтенше өрт қаупі сақталады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Синоптиктердің болжауынша, Астана, Алматы және Шымкент қалаларында найзағай ойнап, жаңбыр, бұршақ жаууы ықтимал. Сондай-ақ желдің екпіні 15-23 м/с-қа дейін жетеді.

Бірқатар өңірде жоғары және төтенше өрт қаупі сақталады. ТЖМ қауіпсіздік шараларын сақтауға және ауа райы туралы ескертулерді қадағалап отыруға шақырады. 

Жасанды жаңбыр климатқа әсер ете ме? «Қазгидромет» жауап берді

Атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуімен Қазақстан аумағының басым бөлігінде найзағай ойнап, жаңбыр және бұршақ жаууы мүмкін. Еліміздің оңтүстігінде, оңтүстік шығысында қатты жаңбыр жауады, солтүстік-батысында, оңтүстігінде, орталығында дауыл болады. Республика бойынша желдің күшеюі күтіледі, солтүстік-батыста, солтүстікте түнде және таңертең тұман болады.

Күндіз Атырау, Мағыстау, Ақмола, Павлодар, Қарағанды,  Шығыс Қазақстан, Алматы, Абай, Жетісу, Ұлытау облыстарында, Батыс Қазақстан, Қостанай облыстарының  оңтүстігінде, Ақтөбе облысының оңтүстігінде, шығысында, Қызылорда облысының солтүстігінде 35-42 градус қатты ыстық болжанған.

«Қазгидромет»: Маусым айында 12 өңірде құрғақшылық болады

Соңғы жаңалықтар